жұмсап, отандық білім ошақтарының Ресей, Белоруссия, Украина және басқа да елдердің жоғары оқу орындарымен байланысын кеңейтуге елеулі үлес қосуы, Ресей академиясының корреспондент-мүшесі П. Г. Бунич сияқты атақты адамдармен етене араласуы, кандидаттық диссертациясын айтпағанның өзінде, 1978 жылы ҚСРО-ның жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен профессор ғылыми атағын алуы осының айғағы. Мұндай аптал азаматты туған жеріндегі жерлестері ерекше құрмет тұтады. Атырау облысы Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы атанғанына да он жылдың жүзі толып үлгерді.
Қаби Оқаұлының 300-ге жуық ғылыми еңбегі, соның ішінде 20-дан астам монографиялары мен кітаптары жарық көрді. Оның ғылыми еңбектері экономиканың теориялық проблемалары мен қолданбалы аспектілеріне арналғандықтан ғылымда, шаруашылық тәжірибеде кеңінен пайдаланылып келеді. Ол құрған ғылыми мектеп барлық уақытта ұлттық экономиканың нақты секторымен тығыз байланысын үзген емес. Қ. О. Оқаев көптеген халықаралық, республикалық және тағы басқа ғылыми-теориялық конференцияларда экономиканың өзекті тақырыптарына қызықты баяндамалар жасаудан еш жалыққан емес. Республикалық "Білім" қоғамында экономика секциясына, республикалық радиода берілетін экономика саласы бойынша миллиондардың экономика мектебіне басшылық жасады, экономика тақырыбына көптеген ғылыми семинарлардың ұйымдастырушысы бола жүріп, журналдар, ғылыми жинақтар, энциклопедиялар шығаратын баспаларға да көп еңбек сіңірді, экономика жөнінде Қазақ энциклопедиясының редакциялық кеңесінің төрағасы болды.
Қазіргі таңда профессор Қ. Оқаев мамандар даярлауда және кәсіпорындардың экономикалық қызметінде мемлекеттік тілді белсенді пайдалануға өзінің үлесін қосып келеді. Соның нәтижесінде оның тікелей басшылығымен бірнеше экономикалық сөздік дайындалды.
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>