Қазақ елінің елге мəшхүр тұлғалары жайында

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

азақ мемлекеттік басқару академиясы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті болып қайта аталған осы оқу орнында екі ірі факультетті және отыз жыл бойы кафедраны үздіксіз ізденісі мен іскерлігінен танбай, тамаша басқара білді, қоғамдық ұйымдарға басшылық жасады. Сондай-ақ, ол докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесті басқарып, Қазақстан Республикасы Ғылыми кадрларды аттестациялау жөніндегі сараптау кеңесіне төраға да болды. Осы қызметтерде жүргенде оқу үрдісін жан-жақты меңгеретін және қызметкерлердің үйлесімді жұмыс істеу мәселелерін шебер шеше білетін басшыға тән жағымды қасиеттерімен ерекшеленді.
Профессор Қаби Оқаұлы мемлекеттің экономика саласына қажетті мамандар әлуетін қалыптастыруға және оны толықтыруға үлкен үлес қосты. Факультет деканы, кафедра меңгерушісі болған кезінде оның басшылығымен дайындалған мыңдаған экономист-мамандар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде экономиканың барлық салалары мен аймақтарында жемісті еңбек етуде.
Қаби Оқаұлы басқарған кафедра Қазақстанның барлық аймақтарына экономист-мамандар даярлаумен қатар ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Сол ғылыми ортадан түлеп ұшқан түлектердің арасында мемлекеттің көрнекті қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен өндіріс ұйымдастырушылары, кәсіпкерлер мен еліміздің барлық аймақтарындағы жоғары оқу орындарында қызмет етіп жатқан педагогтар бар. Академик Қаби Оқаұлының ғылыми мектебінен 6 ғылым докторы мен 30 ғылым кандидаты, 20-дан астам магистр шықты. Соның ішінде, бүгінде республикаға аттары мәлім қоғам қайраткерлері ҚР-ның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы
Тимур Құлыбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділов,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: