Қазақ елінің елге мəшхүр тұлғалары жайында

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Оқаев Қаби Оқаұлы (2. 9. 1929 жылы туған, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Утеры кенті) - экономист-ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1975), профессор (1978). 1 Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1995). ҚазМУ-ды бітірген (1959). 1959 - 63 жылдары ҚазМУ-дың экономика факультетінде оқытушы, аға оқытушы, 1963 - 75 жылы Алматы халық шаруашылық институтында доцент, факультет деканы, 1975 жылдан осы институтта (2001 жылдан Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі. Оқаев өнеркәсіптегі негізгі қорлардың ұдайы өндірісі, шаруашылық есеп қатынастарын, экономиканы басқарудың шаруашылық тетігін жетілдірудің экономика заңдылықтарын зерттеумен айналысып, осы салалар бойынша Қазақстанда ғылыми мектепті қалыптастырды. 200-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрді, оның 18-і монография, оқулық кітаптар, оқу құралдары. Оқаевтың өнеркәсіп саласындағы ұсыныстары мен әдістемелері Қазақстанның машина жасау, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс ұйымдарында енгізілді. "Құрмет белгісі" орденімен (1986), медальдармен марапатталған.






ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР ИЕСІ

Қазақстандағы тұңғыш мамандан-дырылған экономикалық жоғары оқу орны - Алматы халық шаруашылығы институтының алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі, елімізге белгілі қоғам қайраткерлерін, халыққа кеңінен танымал шәкірттер тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Қаби Оқаұлы өмір-теңізде ескек ескелі бері уақыт-қайығы жылжып, сексен бес жасқа үлкен абырой-беделмен жетіп отыр. Мәселе оның қанша жас ғұмыр кешкенінде емес, сол сексен бестің биігін қалай бағындырғанында екенін зерттеп, зерделеп қарасақ әркімнің -ақ армандайтын шыңға шыққанын анық аңғаруға болады.
Еңбек өтілі Ұлы Отан соғысы жылдары колхозда үш жыл маусымдық жұмыс атқарған кездерді қоса санағанда

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: