Қазақ елінің елге мəшхүр тұлғалары жайында

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

>Қаби Оқаұлы Оқаев экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, "Бухгалтер бюллетенін" шығарудың ұйымдастырушысы. . . тізбелей түссең, осындай-осындай толағай табыстары жалғаса береді.
Оның еңбегі "Парасат" орденімен, "Еңбек ардагері" медалімен, "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" және "КСРО Жоғары білім беру министрлігінің білім беру үздігі" атақтарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Ы. Алтынсарин" төс белгісімен, А. Байтұрсынов атындағы алтын медалімен, "Қазақстан ғылымын дамытудағы ерен еңбегі үшін" төс белгісімен және басқа да марапаттармен бағаланған.
Профессор Қ. Оқаұлы әйгілі "Нархоздың" жоғары білім жүйесіндегі көшбасшылық тұғырының қалыптасуына да өзінің зор үлесін қосып келеді. Ол жас мамандардың өмірлік ұстанымдарының дұрыс қалыптасуынан бастап, еңбек өтінде шыңдалып жүрген азаматтармен салиқалы ой қозғап, елдің амандығы мен мәдениетін, ғылымы мен білімін өркендету аясындағы толғамды пікірлерін ортаға салып жүреді.
Елу бес жыл. Қаби Оқаұлының өнегеге толы өмірі осынша уақыттан бері экономика ғылымымен қатар өріліп келе жатыр. "Елу жылда ел жаңа. . . " демей ме? Ендеше ел жаңарып, дамып, өркендеп жатса, ел экономикасы "тар жол, тайғақ кешуден" сүрінбей өтіп, еңсе тіктеуге, қарыштап дамуға бет бұрса, бұған үлгі тұтатын ұстаз, ғалым, сонымен қатар адамгершілік пен адал еңбектің үлгісін танытқан Қаби Оқаұлының үлес қосып келе жатқанын Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ұжымы мақтаныш санайды. Міне бүгін өмірлік жолы - мектеп, ақыл-парасаты - ғибратты жол ғалым-ұстаз Қаби Оқаұлы Оқаевтың мерей тойы.
Қа

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: