қоғамдық бірлестік төрағасы Байболат Әубәкіровтер бар.
Нарықтық экономика жағдайында профессор Қ. Оқаев негізгі капиталды жаңартудың экономикалық заңдылықтары мен экономиканы басқарудың шаруашылық механизмдерін жетілдіруді зерттеумен қатар, елімізде кәсіпкерлікті дамыту проблемаларымен, кәсіпорындардың өндірістік аппаратын жаңарту жолымен экономиканы модернизациялау және жоғары технологияларды енгізудің экономикалық мәселелерімен белсенді түрде айналысып келеді.
Қаби Оқаұлын білім мен ғылым саласының майталманы деп айтсақ артық болмас. Студенттік аудиторияға жас оқытушыларды жіберуде асқан талғампаздық пен талапшылдық қою арқылы білім сапасының жоғары биікте болуына басты назар аударумен қатар, жас ғалымдардың ғылыми еңбектерін саралау мен бағалауда мұқият және ыждағаттылық танытып отырады. Өзіне де сондай жоғары талап қоя білетін ұстаз әрбір дәріске жан-жақты дайындықпен барады. Оқу-әдістемелік құралдарды экономика мен білім саласындағы жаңа ағымдардың бағытына қарай жаңартып отырады, білім алушы жастардың нарықтық ортада бәсекеге қабілетті болуы үшін ең қажетті қасиеттерді оларға сіңіруден жалықпайды. Құрметті ғалым-ұстаздың тек қана университет шеңберінде ғана емес, жалпы республика көлемінде экономика саласындағы ізденуші ғалымдар арасында мәртебе-мерейі үстем екенін атап өткен жөн. Әрбір адамның еңбегіне әділ баға беру кез-келген басшының қолынан келе бермейді, міне осындай турашыл, әділетті, қатал да талапшыл, аз сөйлеп, терең ойлайтын, жеке басының мүддесінен халық мүддесін жоғары қоя білетін Қаби Оқаұлы осындай жақсы қасиеттерімен ерекшеленеді. Қандай қиыншылық болса да қасқайып қарсы алатын, сырбаз да сыншыл, талғампаз тағылымды тұлға.
Нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында қайта бейімдеу бағдарламасын дайындауға зор күш
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>