Ата -анамен жұмыс,тренинг жаттығулар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

танысыңыз,ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз. Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап,топтағылардың барлығы еститіндей етіп,оқып беруіне болады. Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.
2. «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады.
Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз,түрлі-түсті газеттер,журналдар,ашық хаттар,жарнамалық қағаздар,ескі кітаптар. Әдетте жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды,бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Жеткіншек өзін жалғызбын деп сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп,оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылуы қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарымен топтағыларды таныстырып,оның мазмұнын әңгімелеп береді.
Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбына жаттығу барысында топтық қатынас барысында шек тастап құрылған отбасы мүшелері бірігі отырып коллаж жасайды.
Отбасын құру үшін кім отағасы болатыны туралы жазылған қағаздарды ширатып бір ыдысқа,ол отбасындағы аналық рөлін атқаратындарға арналған шектер екінші ыдысқа,балаларының рөлін бөлу жребийлері үшінші ыдысқа салынады. Қатысушылар өз рөлдеріне сай ыдыстан алған қағаздарына «Ормановтар», «Жыл құстары» т. с. с. отбасының белгілері бойынша бір-бірін тауып алып,осы кездесудің аяғына дейін олар бір отбасының мүшелері ретінде өз қызметтерін атқарады.

3. «Отбасы мүсіні» жаттығуы.
Жаттығуды орындау үшін отбасында кездесетін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау керек. Ол үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлмеде жүргізілген ойынды қызық

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: