егізгі тақырыптарға негізделінетіні жайлы айтады. Сонымен қатар,қатысушыға балалармен қатынас пен өзара әрекет ерекшеліктерінің құралу философиясын түсіндіреді:бала тұлғасын қолдау және онымен қызметтестік қатынаста болуға ұмтылу.
2. Танысу барысы:қатысушылар өзін таныстырып өтеді және болашақ жұмыс істеудегі өз қауіптенулері мен үміттенулерін белгілейді. Топтағы жұмысты жеңілдету үшін бейдж қолдану ыңғайлы,әр қатысушы оған өз есімін,немесе ойдан шығарылған есімін жазып қояды.
3. Психогимнастикалық жаттығу:барлық қатысушылар шеңбер бойынша тұрып өз аттарын атап өтеді,сонан соң олар қандай да бір қасиеттері бойынша орнын ауыстырып тұрады,мысалы,шашының түсіне қарай немесе бойына қарай. Қатысушылардың әрқайсысы өзінен бастап солға қарай барлық қатысушылардың атын атап,оларға бір жылы сөз айтуы керек.
4. Психолог қатысушыларға өз-өзін және түсіне білу өте маңызды екенін айтып,ата-аналарға бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Ата-аналарды тренинг барысында күнделік жүргізу керек екендігіне назар аударады,психолог күнделік туралы ерекше айтып өтуі жөн. Күнделіктердің жүргізілу ерекшеліктері мен үй тапсырмасын орындаудың маңыздылығы жайлы нақтылап айтып өту қажет. Үй тапсырмасын келесі күнге коррекция барысындағы талқылау жүргізілетіні жайлы ескертіп қою қажет.
1. «Мен кіммін?»
Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады. Әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі. Жетекші: «1саннан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз. Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар. Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз. Осы парақты көкірегіңізге түйіп алып бөлме ішінде жайлап жүріп,өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>