тар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазылып және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке дара немесе жалпы орындалатыны туралы әр кіші топтың өзі шешеді.
Егер топқа консультанттан басқа тағы да бір психолог болса,онда олар әртүрлі «отбасы» мүшелері болып тарайды. Олар кіші балалардың рөлдерін алуы қажет. Бұл жағдайда қатысушылар өзбетінше әрекет етіп,психологқа онша алаңдамастан өз мәселелерін өзбетімен және шығармашылықпен орындауға тырысады.
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір кіші топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады,содан соң «отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы,толық емес отбасы,отбасында балалар бар ма. Қатысушылардың басым көпшілігі жеткіншектер болса,әдетте,отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай болады. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар,қатынастары жақсы,бір-бірімен ұрыспайды. Жеткіншектердің отбасылық проблемалары туралы түсініктері таяз болғандықтан оларға,жетекші көмектеседі. Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады,тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы,ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады,келесі жылы көреді. Ал науқастану,алкоголизм,кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан кейін,бірден келесі ойынды жүргізу қажет. Өйткені отбасы қандай да бір ұзақ уақыт ішінде «өмір сүрді».
6. «Идеалды отбасы» жаттығуы.
Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай?Ата-аналардың ол
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>