ты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап,бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің рөліндегі басқа адамды да таңдайды. Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса,мүсінші өз рөлін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұл кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыруды ұсынады. Мүсінші барлық қатысушыларды сол ретпен отырғызады.
4. «Отбасы оқиғалары» жаттығуы.
Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де,екі отбасылық естеліктің суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді. Сурет салып болғаннан кейін әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп,онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
5. «Отбасын ойнайық» жаттығуы.
Топ «отбасыларға» бөлінеді. Кіші топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Қатысушылар міндет- «отбасы» құрамын,отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін,отбасылық рөлдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын,қайда қызмет атқаратынын,қандай киім киеді,таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізетінін,отбасы міндеттерін қалай бөлетіні,қарым-қатынастары қандай екені,отбасының мәселелерін бір-бірінің пікірімен санаса отырып шешетіні,немесе отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап,девизін құрастырады,сонымен қа
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>