әжелер табылмай ма- деп; өз тілі мен салт дәстүрін құрметтейтін азамат табылмай ма, -деп қорқамын" деген екен. Ал бүгін де мұның түбінде қандай ащы да, терең шындық бар екені баршамызға аян.
Бір қарағанда, ата-ананың баланы еміреніп аялауы, бесік жырын айтуы, жымиып еркелетуі тым ұсақ тәрізді көрінуі мүмкін. Бірақ осының бәрі әлеуметтік тәрбиенің алғашқы шарттары емес пе? Осыған ұқсас Кавказ халқының мынадай бір мақалы бар: "Егер адам жаман болса, онда анасы оған бесік жырын айтпағаны". Ананың аялы алақаны, мейірлі жылы көзқарасы, әсерлі әлдиі болмаса- баланың жан дүниесі ашылмай қалады.
Зерттеулер мынаны көрсетіп отыр: дүниеге жаңа келген сәби өзін әуелден қандай қол көтеріп алғанын - баланы сүйетін адамның қолы ма, жоқ әлде, немкетті мейірімі жетінкіремеген адамның қолы болса сезе қояды екен де жылай береді, ал ол келе - келе баланың жүйкесіне әсер ететіндігі анықталған. Бала-отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да тәрбиенің негізгі өзегі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Халқымыз: Балаңды 5 жасқа дейін патшадай сыйла, 5 жастан-10 жасқа дейін құлыңдай жұмса, одан соң өзіңе дос сана деген сөзіне терең философиялық мағына жатыр. Қазақ халқы ертеде ұлдарын ел қорғайтын батыр болсын деп, ал қызын сол батырдың жаудан келуін күтіп, бала өсірер ана болсын - деп тәрбиелеген. Бала жақсы болып өсуі үшін ол күн сайын дерлік отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділілетті қарым - қатынастар куәсі болуы керек. Ол ата- ананың өзіне қандай қамқоршы екенін көріп отырады, бірақ ол мен ерекше екенмін деген ойға келмейді. Өйткені ата-ана тек мұны ғана емес, өзара бір-бірін де қастерлейді. Әке баладан анасын сыйлауын талап етеді, ал шешесі баласынан әкесін құрметтеуге, оны немен қуантуға болатынын үйретуге тырысады. Отбасы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>