нда міне, осындай жазылмаған заң- дәстүрі бар.
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің", "Әкеден - ақыл, анадан - мейір" деген сөздер тегін айтылмаса керек. Отбасы ата мен әженің, әке мен шешенің, апа-қарындас, аға-інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі қарым-қатынастың үлгі бастауы. Ата-ана өнегесі бала жүрегінен берік орын тебеді: ата-ананың өзгенің қайғысына ортақтасуға ұмтылуы, тынымсыз еңбек ете білуі, ақжарқын да ұстанымдылығы, басқа түскен қиындықтар мен өмірде кездесетін ауыртпалыққа қарсы күрестегі табандылығы- бәрі де бала есінде қалады.
"Ұлым не істесең де бәрін адал ар - ұятпен істе, -дейді әке. Қолыңнан келгенше жақсылықпен істеу керек". Бала мұның шын жүректен айтылғанын ұғады. Өйткені, ол әкесінің әр істі тындырымды атқаратынын біледі. Әкесінің өмірлік өнегесіне сайма-сай ақыл - кеңесі, бала көкейіне қона кетеді. Кей ана ұлына не қызына: "Сен менің өмірімнің шаттығысың, менің бар бақытым сенде, мен тек сен үшін өмір сүремін, жарығым"-дейді. Ақ көңіл сәби оған сөзсіз сенеді, енедеше ол солай болуға тиіс те ғой деп біледі. Әділет принципі- кішкентай тіршілік иесін тәрбиелеу приципі бұзылады. Бала адамдардың өзара қарым-қатынасын, өңін айналдырған күйде теріс түсінеді. Ол өзін отбасындағы басты тұлға санап, ал ата-ана оның қалғанын екі етпеуге тиіс, мен олар үшін ештеңе істеуге тиісті емеспін, өйткені, менің тіршілігім олар үшін ең зор бақыт екен деп түсіне бастайды. Бала "Мама" деген сөздің өзін еміреніп айта ма, шаттанып айта ма, шолжаңдап айта ма, әлде бұртиып айта ма? Міне, осының өзінен-ақ баланың қандай азамат болып өсіп келе жатқанын аңғаруға болады. Егер бала өмірді таусылмайтын той-думан деп ұқса одан жаман не болсын. Өмір бірыңғай қуныштан ғана тұрмайды, оның қиындығы да, қайғысы да бар. Та
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>