Ата – аналардың азаматтығы – отбасындағы тәрбиенің негізі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ата - аналардың азаматтығы - отбасындағы тәрбиенің негізі

Коксимова Мария Сергалиевна
Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы
"Переваловка орта мектебі"КММ
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

"Азаматтық дегеніміз- жеке адам санасының жетілуінің ең жоғарғы сатысы. Жаныңның шалқар шабыты , қиялыңның қия шыңға самғауы. Ал ол өте қарапайым нәрседен туған: шаңырағыңды сыйлаудан, анаңның алғашқы әлдиенінен , отбасынан басталады. Отбасы- біздің қоғамымыздың алтын қазығы" В. А. Сухомлинский.
Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы дейді. "Халық айтса, қалып айтпайды"- дегендей, ерл-і зайыптыларға айтылған осы бір тамаша теңеулер де тереңінен толғанып, өмір тәжірибесінен алынған болса керек. Ер азаматтың шаңырақ иесі, яғни жанұяның тірегі екендігі ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Ал отбасынан шашау шығармай, жанұя мүшелерінің бәрін де белгілі бір тәртіпке салып, тура жолдан тайдырмай ұстап отыратын әйел-ананы алтын қазыққа теңеу де данышпандық пен дәл басып айтылған сөз екенін күнделікті тұрмыста көріп жүрміз. Демек, отбасының ұйытқысы мықты болса, шаңырақ шайқалмай, түтіні де түзу шығады деп сеніммен айта аламыз. Сондай-ақ, әйел-ана тек қана бала тәрбиешісі емес, бүкіл отбасы тәрбиешісі, берекесі. Еңбекқорлық, тазалық, мейірімділік, ісмерлік, ақпейілділік, кешірімділік, биязылық сияқтылардың бәрі де әйелге тән. Әйел- сүйікті жарың, мейірімді анаң, тал шыбықтай иіліп, ата-анаңның қасы мен қабағына қарап тұратын сүйкімді келінің, айтқаныңды екі етпей, анаңдай аялап тұратын аяулы жеңгең. Ол бүкіл отбасы мүшелерінің қамқоршысы.
Егер ата-аналар бірін-бірі сүйе білсе, бір-біріне қуаныш қана сыйлағысы келіп тұрса, олардың баласы да жақсы адам болып өсетіні

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: