ежелден белгілі жайт. Отбасы мықтылығы ерлі - зайыптылар арасындағы махаббат және балаларға деген ортақ сүйіспеншілік болса керек. Ушинский өз кезінде ересектер назарын мынадай бір фактігі аударады: егер жас ағаштың жіп-жіңішке бұтағында торғай отырса, бұтақ өзінің өсу бағытын өзгертеді. Бала да сол сияқты: ол да өз жан дүниесінің даму бағытын өзгерте салуы үшін онша көп нарсе керек емес. Баланың мінез-құлқындағы титімдей аңқаулық адаммен бірге өсе келе, кейін қоғам үшін үлкен кеселге айналады. Ал бала бойындағы адалдық пен адамгершілік дәні келе - келе игі жемісін береді. Балаға өмірдегі алғаш кездескен жәйттердің бәрі ұмытылмас әсер қалдырады.
"Егер сіздер перзенттеріңіз ата-ананың мейірім-шапағатынсыз - ақ тамаша адам болып өседі деп ойласаңыздар, онда қоғамға, сөз жоқ опасыздық жасаған боп шығарсыз. Ата-ананың ыстық махаббатына бөленбеген жандар көбіне - көп жарымжан жандар болып қалмақ" -деген екен А. С. Макаренко.
Шынында, ата-ана мейрімін көрмей өскен балалар өзін қоршаған әлемді қатал да қатыгез әлем деп сезінеді. Ол мұндай әлемнің қыр-сырына жетпей жатып - ақ, одан безіне бастайды. Оның бойына өзге адамдармен қарым - қатынаста сенімсіздік, үрей және қаталдық пайда болады. Ал, оған керісінше, ата-аналармен үнемі достық қарым - қатынаста тәрбиеленіп өскен бала, әдетте, ынтымақшыл, көңіл жықпас, елгезек болып өседі.
Кейбір мәліметтерге қарағанда елімізде бұзақылардың 40-50-ын 14-16 жастағы мепктеп оқушылары жасайтын көрінеді. Ал Қазақстан бойынша ерлердің 54-ы, әйелдердің 11-ы темекі шегеді. Дәрігерлер әрбір темекінің адам өмірін 15 минутқа қысқартатынын дәлелдеген. Яғни, темекі шегушілер 5-7 жылға кем өмір сүреді. Халық батыры Бауыржан ағамыздың: "Үш нәрседен қорқамын: бесік жырын айтатын аналар табылмай ма -деп ; ертегі айтатын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>