Ата – аналардың азаматтығы – отбасындағы тәрбиенің негізі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

банынан сыз, маңдайынынан күн өтпеген бала өмірдің парқын да білмейдң. Ержеткен соң да қызық қуып, оңай жол іздейді, оны табу қолынан келмесе шамданып, өмірге қанағаттанбайды. Сондықтан да бала реніште де, қуанышты жағдайларда толық болғаны жөн. Ол көп қырлы өмірді жан-жақтан сезінсін. Егер бала өмірдің тек қуанышты жақтарын біліп, қайғыға ортақтасу, мұң дегенді білмесе, ол ешқашан қайырымды болмайды.
Балалардың өтпелі албырт кезі басталған шақта ата-анасымен, достарымен шынайы қарым - қатынаста болуын, оқуы жан-жақты жақсы жүруін, қоғамдық жұмыстарға жиірек араласуын бақылауға ерекше көңіл бөлген жөн. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, әкелер мен аналардың 28- 50 дейінгілері ғана бос кездерін балаларымен бірге өткізеді. Мәселе, бұл жерде уақыттың жетпейтіндігінде емес, оны ұйымдастыра білмегендіктен. Ата-аналардың 75 дерлік бос уақыттарын өзінше білім алуға, телехабарлар көруге, басқа отбасыларымен шүйіркелесуге арнағанын жөн көреді. Мәселен, балалар мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушысын музейлерге, концерттерге, спортқа кино, т. б. жерлерге ертіп апаруға әбден болады ғой. Көптеген ересектер көрмелерге, қала сыртына серуенге балаларсыз барғанды жөн көреді. Әрине, балаларсыз жүрген тынышты-ақ. Ал мұндай қарым-қатынас балаларға қаншама көп нәрсе берер еді.
Қазақ халқы рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата- бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, асқақтата салған әсем әні, мақал-мәтел, жаңылтпаш, шешендік сөздер, айтыс өлеңдері сан ғасыр бойы өз ұрпағын "Сегіз қырлы, бір сырлы", өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Олай болса, тәуелсіздік туы желбіреген егеменді елімізде тілін білмеген тіленіп, дінін білмеген кірленіп, елін сүймеген күйзеліп өтетінін әр бір азамат біл

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: