оның дәлелдемелер ұсынылатын уақыттан басталады. Бұл кезең 3 Эдуард патшалық құрған кезде басталды, сол заманнан бері ағылшынның алқабилер соты шын мәнінде өзінің қазіргі жағдайына келді.
Алғашқыда алқабилер ана не мына іс әрекеттің жасалуы не жасалмауы фактісін анықтау мәселесін шешетін. Ал ұйғарымға кінәлілік мәселесі кіргізілген кезде, ол «жалпы» деген атауға ие болды. Бірінше уақытта жалпы ұйғарым шығару практикасы прецеденттерге негізделетін, ал содан кейін заңнанма жүзінде бекітілді.
17-18 ғасырларда ағылшындар өздерінің сот тәртібін Үндістан, Бирма, Австралия, Жаңа Зеландия, ОңтүстікАфрика және т. б елдерде орнатты. Кейін отарлық тәуелділіктен босаған бұл мемлекеттерде қазір ағылшын-саксондық немесе ағылшын-американдық процес түрі сақталып қалды.
Англияда алқабилер соты тарихи түрде біртіндеп, слт-дәстүр мен тәжірибеден қалыптасты деп айтуға болады. Осындай дамудың нәтижесінде ағылшын-саксон құқығын алқабилер сотының негізгі ережелері қалыптасып, бекітілді, кейіннен олар алқабилер сотының ағылшын-саксон (классикалық) үлгісін құрады. Алқабилер сотының классикалық үлгісінің ең басты ережелері мынадай:
- Алқабилер соты, әдетте, ауыр қылмыстар- «фелония» (фелония- ауыр қылмыс, оған кем дегенде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілетін) туралы істерді қарау үшін құрылатын, дегенмен қамау жазасының мөлшері 3 айдан асатын, қоғамдық қаупі үлкен емес істер бойынша да айыпталушы істі алқабилер сотында қарау құқығын пайдаланатын;
- Жалпы алғанда, біртұтас сот тең құқықты екі алқадан- халықтың өкілдері ретіндегі алқабилерден және мемлекеттік биліктің атынан өкілдік ететін тәж судьяларынан құрылатын, алқаның әрқайсысы өзінің құзырына жатқызылған мәселелерді шешу кезінде өзіне белгінген шектерде іс қимыл жасайды;
- Істің алқабилер сотында т
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>