Алқабилер соты

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

алқылануы қылмыс жасағанына өз кінәсін жоққа шығаратын айыпталушының құқығы ретңнде қарастырылатын және оның келісіміне байланысты болатын, яғни айыптау мен қорғау тараптарының арасында міндетті түрде құқықтық дау болуға тиіс;
- Алқабилер орындығы, ережеге сай айналғандай, бір ғана нақты іске арнап қалыптастырылатын, ал іс аяқталғаннан кейін алқабилер таратылатын;
- Төменгі соттардың сомалық юрисдикциясынан ( төменгі соттардың юрисдикциясын бір судья немесе коронер оңайлатылған тәртіппен дербес қарайтын болмашы ғана қылмыстар туралы істер құрайтын) журиі жүзеге асырады;
- Ақиқатты анықтау соттың міндетіне кірмейтін; сот тараптардың біреуінің дәлелдерінің «басым болғанын» белгілеуге тиіс болатын;
- Тараптар алқабилердің бүкіл тізіміне қарсылық білдіруге, себептерін көрсете отырып алқабилерге жеке-жеке қарсылық білдіруге және дәлел келтірместен алқабилерге қарсылық білдіруге құқылы болатын (ағылшынның әдет құқығы бойынша себебін көрсетпей алқабилерге қарсылық білдіруге аса маңызды істер бойынша ғана жол берілетін. АҚШ –та себебін көрсетпей алқабиге қарсылық білдіру конституциялық құқық болып табылады);
- Сот тергеуі 12 алқабиден тұратын шағын жюридің алдында өтетін; басында айыптау тарапының, содан кейін қорғау тарапының дәлелдері зерттелетін;
- Алқабилер айыптау актісінде көрсетілген жалғыз сұрақ – айыаталушы кінәлі ме? – деген сауалға жауап беруге тиіс еді; бұл орайда кінәні жеңілдететін мән-жайлар туралы мәселе қойылмайтын;
- 12 алқабидің айыпталушының кінәлі не кінәлі еместігі туралы сауалға жауабы бір ауыздан берілуге тиіс. Егер ұзақ талқылаудан кейін алқабилер сотталушының кінәлі екендігі ( кінәлі еместігі) туралы ортақ пікірге келе алмаған болса, судья алқабилеодің жаңа құрамын қатысатын сот тағайындалғанға дейін істі уақытша тоқтататын;

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: