Алқабилер соты - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 143
  • Скачиваний: 2

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 75 бабының 2 тармағында алқабилер сот институтының кіріспесі енгізілген: «Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық процесс алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады».
Осы уақытқа дейін қазақстандық ғалымдар арасында алқабилер сот өндірісін енгізу туралы көптеген сауалдар туындауда.
Сот жүйесіне алқабилер сотын енгізу мемлекеттің демократиялық,құқықтық факторының деңгейін көрсетеді, сот билігінің тәуелсіздігі мен сот процесіндегі тараптардың жарыссөзге қатысу құқығын енгізу,сот қателіктер көрсеткіштерін төмендетеді, сонымен бірге соттың шешім шығаруына кімде кімнің кесерін тегізбеудің алдын алады.
Алқабилер соты (juri) – кейбір мемлекетте- сот, ол бір немесе бірнеше тұрақты судьялардан іріктелініп алынып, процесс барысында тағайындалған алқа билер алқасы.
Судья мен алқабилердің ережеге сай жалпы сот алқасын құрамайды,олардың процестегі негізгі қызметіне қатаң шек қойылған.
Қылмыстық процесте алқабилер сотталушылардың кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы ұйғарым шығарса, азаматтық процесте фактке қатысты сауалды шешеді. Американдық заңнамаға сәйкес алқабилер соты адамдардың құқықтары мен бостандықтарын әр түрлі жағдайларда қорғауды және сот билігі мен жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз етеді.
Алқабилер соты АҚШ,Ұлыбритания,Франция,Ресейде (кейбір аймақтарда) және тағыда басқа елдерде қолданысқа енгізілген. Ең жоғарғы деңгейдегі алқабилер сотының дамуы АҚШ деп танылған.
Батыс Европа пен АҚШ-ғы көп ғасырдың алқабилер сонымен қатар әккі, революцияға дейінгі Ресейдегі жарт ығасырлық тәжірибесінің қолдануы,кінәлілік жөніндегі сауалдағы шешімді алқабилер алқасынан асып түседі. Ал көптеген заңгер ғалымдар алқабилер институтын енгізуіне қарсылық білдіруде, себебі олардың сотталғанының және оның істеген әрекетіне баға беруге терең заңгерлік білімнің жоқтығынан, көптеген тәжірибелі судьялардың өзі жіберетін қателіктер болуы мүмкін деген пікірде.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: