р Аполлонның баласының анасын өлтіруге арандатқаны үшін кінәлайды және оған «Біріңғай қылмыскерсің» деген үгіт жүргізеді.
Алқабилер әр түрлі шешім қабылдай алды. Ал бұ іс барысында фактінің өзі теріс шығарылса да, олар Оресті ақтауды жөн көрді.
Алқабилер сотының даму барысында 1215 жылы қабылданған Ұлы Еркіндіктер Хартиясы аса маңызды рөл атқарған. Онда қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқаруға қатардағы азаматтарды тарту мүмкіндігі заң жүзінде бекітілді.
15 ғасырда алқабилер тәуелсіз және алдын ала болжалмаған орган ретінде құрылды.
16 ғасырдың басынан бастап ағылшын процесінде біртіндеп куәләр мен алқабилер функцияларының аражігін ажырату жүріп жатты: біріншілері өздері білетін мәліметтерді хабарлайды, ал екіншілері кінәлілік туралы мәселені шешеді және ұйғарым шығарады. Сол уақыттан бастап алқабилер соты тарихының 3 сатысы және оның классикалық үлгісінің пішімделуі басталған.
Англияда король судьяларының еркінентәуелсіз институт ретінде алқабилер сотының қалыптасуы 17 ғасырдың аяғына таман, Бушель ісімен және епископтар процесімен байланысты болған оқиғаның арқасында орын алды. 1670 жылы Пенн мен Мид деген біреулерге халыққа уағыз таратып, сол арқылы заңсыз толқу туғызды деген айып тағылды. Айыптау дұрыс құрылмаған және тиісті түрде негізделмеген болатын. Алқабилер сотталушыны кінәсіз деп жариялады. Пеннді заңға қайшы жиналыс шақырғаны үшін кінәлі деп танымаған алқабилерге ызаланған судьялар жаңа кеңес өткізу үшін оларджы шығарып жіберді. Сол кезде алқабилердің бірі – Бушельге қарап судья қорқыту және қорлау сөз айтып, ақшалай айып төлеуді мойнына салды. Екінші, үшінші және төртінші кеңесуден кейін де алқабилер өз ұйғарымын қуаттады.
Ақшалай айппұл төлеуге келіспеген Бушель түрмеге қамалды. Ол өзіне Habeas corpu
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>