Алқабилер соты

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>


- Ұйғарымды (вердикт) алқабилер ауызша шығаратын;
- Алқабилердің ақтау ұйғарымының не күшін жоюға, не шағым беруге, соның ішінде ол анық қате болған жағдайда да, оны ақтауға болмайтын;
- Сот талқылауына, соның ішінде 12 алқабиден құралатын шағын жюриге іс жүргізу тұрғысынан басшылықты тәж судьясы жасайтын, ол алқабилерге дәлелдемелер жүйесінің мәні мен ережесін түсіндіріп, сот тергеуі тапқан деректерді түйіндейтін және олардың заңдық маңызын егжей-тегжейлі айқындайтын, сондай-ақ кінәлі деп танылған сотталушыны қандай жазаға кесу керектігін шешетін.
Абсолютизм дәуіріндегі қылмыстық процесс өзінің сипаты жағынан іздестіруші (инквизициялық) болатын. Король билігінің агенттері қылмыс жасаған адамды іздестіруді жүргізетін, ол құпия және жазбаша түрде жасалатын. Айыпталушы билік органдарының еш құқығы жоқ объектісі болатын, оның үстіне оның қандай да бір іс жүргізу құқықтары да жоқ еді. Тергеуді және істі қарауды сот жүзеге асыратын, демек айыптау, қорғау және істі шешу функциялары оның тұлғасында біріктірілген еді.
Англияда пайда болған алқабилер институты жеке адамды король билігінің озбырлығынан қорғаудың маңызды құралына айналды. Ағылшындардың алқабилер сотын тәртіптің ұстыны, саяси және азаматтық құқықтардың кепілдігі деп қарастыруы тегін емес. Англияда алқабилер соты халық судьяларының тоқсан сайын шақырылатын сессияларының немесе король орындығы мүшесінің жылжымалы сессиясының жанында жұмыс істейді.
АҚШ-тың қылмыстық іс жүргізуінде алқабилер сотының қауіпті және аса қауіпті қылмыстарға қатынасты құқықтары 6 түзетуде көрсетілсе,ал азаматтық іс бойынша АҚШ Конституциясының 7 түзетуінде айқындалған,бірақ ол штаттың Контитуциясына сәйкес бекітілуі тиіс.
Әйгілі қайраткерлер полициялық зорлық зомбылық және қапас құпиялылықпен жүзеге асырылға

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: