Алқабилер соты

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

s берген құқықтарын алға тартып, жоғарғы судья судьялар мен алқабилердің қатынастары туралы пікірін және соңғылардың қандай дәрежеде судьялардың нұсқауларын орындауға тиіс екенін айтып, оны босату туралы қаулы шығарды, сондай-ақ ол алқабилердің толығымен еркін болу қажеттігін мойындады.
Шіркеу істеріне қатысты өздерінің ой-пікірлерін еркін айытқаны үшін қылмыс жасады деп сотқа тартылған епископтарға қатысты процесте де алқабилер король судьяларының айыпкерлерді кінәлі деп тану туралы табанды талабына қарамастан, оларды ақтап шығарды.
Ағылшындық отарлау нәтежесінде алқабилер соты АҚШ және тағы басқа Ұлыбритания колонияларында дамуына мүмкіндік туылды.
Алқабилердің король билігінен тәуелсіздігін белгілеген және халық элементінің позициясын нығайта түскен осы прецеденттерді Англияда күшті және тәуелсіз алқабилер соты қалыптасуының басталуы деп санауға болады. Қоғам сотының шешімдері әкімшілік үшін міндетті күшке ие болады және біздің ойымызша, алқабилер сотының қазіргі заманғы үлгісінің тарихын шамамен осы уақыттан бастап есептей беруге болады.
Бұл процестің нәтижесінде, сонымен қатар алқабилер тек қана фактілерді талқылауға тиіс, ал құқық мәселелері судьялардың құзырына жатады деген ереженің қалыптасуы үшін негіз қаланды.
Англияның ертедегі құқық дерек көздерінен көрініп тұрғандай, егер судьяның пікірінше алқабилер «бұрыс» үкім шығарған болса, олар оны түзетуге және судья ұсынған дәлелдемелерге сәйкес шығаруға міндетті болатын.
Алқабилерге айыппұл салуға және басқадай жолмен қорқытып-үркітуге жол беретін тәртіптік үстемдік құруы алқабилер сотында іс жүргізудің мәнісін түбімен жоятын, себебі, ол негізгі қағида- алқабилердің ішкі ненымы бойынша дәлелдемелерді еркін бағалау қағидасына қайшы келген.
Алқабилер сотындағы аса маңызды қайта құру

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: