Алқабилер соты

Страницы: <<  <  41 | 42 | 43 | 44 | 45  >  >>

ер алқасы негізгі құрамның тоғыз және екі қосалқы алқаби құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.
Алқабилер алқасынқұру үшін төрағалық етуші қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың тегін көрсете отырып,билеттерді жәшікке салады, оларды араластырады және бір-бірлеп он бір билетті алады, әр алған сайын билетте көрсетілген алқабиге кандидаттың тегін жариялайды. Егер жәшіктен алынған және қалған билеттер қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың жалпы санын құраса, сондай-ақ, егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығынаәсер ететін қандай да бір бұзушылыққа жол берілмесе,онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады. Бұл ретте, жеребе тастау арқылы іріктелген алғашқы тоғыз алқаби- негізгі құрамның алқабиі, ал соңғы екеуі қосалқы алқаби деп есептеледі.
Қарсылық білдіру туралы мәселені шешу кезінде оның құрылуының дұрыстығына әсер еткен қандай да бір бұзушылыққа жол берілсе,сондай-ақ бір немесе одан да көп алқабиге мемлекеттік құпияға рұқсат етуден бас тартылған жағдайда, төрағалық етуші алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол құрылған жоқ деп жариялайды және алқабиге кандидаттарға толық көлемінде қайта іріктеу жүргізеді.
Сот отырысының хатшысы жеребе тастау арқылы іріктелген он бір алқабидің тегін жәшіктен билеттер қалай алынса, сол тәртіппен сот отырысының хаттамасына енгізген. Жеребе тастау арқылы іріктелген алқабилердің тегі көрсетіле отырып, билеттер іс материалдарына тігіледі.
Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің негізгі құрамына, жеребе тастау арқылы анықталған тәртіпке сәйкес, оларға бөлінген алқабилер орындығынан орын алуды ұсынады. Алқабилердің орындығы сот отырысы залында қатысып отырғандардан бөлек болуы және әдетте сотталушылар орындығына қарама-қарсы орналусыға тиіс. Қосалқы екі алқаби олар үшін

Страницы: <<  <  41 | 42 | 43 | 44 | 45  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: