арнайы бөлінген алқаби орындығына орналасады. Алқабилер және қосалқы алқабилер Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сот отырысының залында сот талқылауы кезінде тұрақты қатысады
Кейін, сот талқылауы барысында, бірақ алқабилер мен судьялар шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін, алқабилердің біреуінің сот отырысына одан әрі қатыса алмайтындығы немесе төрағалық етуші оны сот отырысына қатысудан шеттеткені анықталса, онда ол қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билет жәшіктен қандай тәртіппен алынса, сол тәртіппен қосалқы алқабимен ауыстырылады.
Егер шығып қалған алқабилермен ауыстыру мүмкіндігі таусылған болса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.
Егер алқабилердің біреуінің сот отырысына қатысу мүмкіндігінің жоқтығы кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін анықталса, онда судьялар мен алқабилер сот отырысы залына кіріп, алқабиді ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесіне кетуге тиіс. Кез келген алқаби, белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда, істі қараудың кез келген кезеңінде іске одан әрі қатысудан шеттетілуі мүмкін алқабиді шеттетуді тараптардың қатысуымен төрағалық етуші жүзеге асырады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады.
Алқабилер алқасы құрылып болғаннан кейін төрағалық етуші немесе сот отырысының хатшысы сот отырысының залында қатысып отырғандардың барлығынга орындарынан тұруды ұсынады. Төрағалық етуші алқабилерге ант қабылдау ұсынысымен өтініш жасайды. Алқаби «Ант етемін» деген сөздерді айтумен антты қабылдауын растайды. Алқабилердің ант қабылдағаны туралы сот отырысының хаттамасына жазба жасалады.
Егер сот талқылауы барысында осы Кодекстің 116-бабына сәйкес дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмей
Страницы: << < 42 | 43 | 44 | 45 | 46 > >>