Алқабилер соты

Страницы: <<  <  43 | 44 | 45 | 46 | 47  >  >>

тін іс жүзінде деректер анықталатын болса, төрағалық етуші оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы мәселені шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда олардың заңды күші жоқ деп тануға, ал оларға жасалған зерттеулерді жарамсыз деп тануға міндетті. Тараптар төрағалық етушінің рұқсатынсыз алқабилер қатысатын сотта істің талқылауынан алып тасталған дәлелдемелердің бар екені туралы еске салуға, өздерінің ұстанымдарына негіздеме үшін оларға сілтеме жасауға құқылы емес. Судьялар алқабилерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейтін іс жүзіндегі деректермен таныстыруға тиіс емес.
Төрағалық етуші істі соттың алқабилердің қатысуымен талқылауының кез келген кезеңінде, егер сот талқылуы кезінде осы Кодекстің 37-бабының бірінші бөлігінде көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы осы Кодекстің 317-бабының жетінші бөлігіне сәйкес айыптаудан бас тартқанкезде қысқартады.
Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлігін жариялаған кезде сотталушының сотталғандығы туралы фактілерді еске салуға құқылы емес. Тараптар сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан және сарапшылардан жауап алғаннан кейін алқабилер төрағалық етуші арқылы осы адамдарға сұрақтар қоя алады. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жасап, төрағалық етушіге береді. Төрағалық етуші іске қатысы жоқ, сондай-ақ мегзеу немесе тіл тигізу сипатында деп есептеген сұрақтарды қабылдамай тастауға құқылы.
Тараптар алқабилер алқасының қатысуынсыз, судьялар бұрын іс талқылауынан алып тастаған дәлелдемелерді, бұл ретте олардың мәнін баяндамай-ақ, зерттеу туралы өтініш беруі мүмкін. Осындай өтінішке байланысты іс бойынша сот талқылауына қатысушылардың пікірін тыңдауды судьялар жүргізеді. Сотталушының бұрынғы сотталғандығына байланысты, оны құнықпа маскүнем немесе нашақор д

Страницы: <<  <  43 | 44 | 45 | 46 | 47  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: