немесе анықтаушының туысы немесе жекжаты (аға-інісі, апа-қарындасы, ата-анасы және ерлі- зайыптылардың баласы) болып табылса;
4)алқабиге кандидат осы іске жеке, тікелей немесе жанама мүдделі деп санауға негіз беретін өзге де мән-жайлар болса, прокурордың, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сотталушының және оның қорғаушысының қарсылығы мәлімделуге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптарын орындау нәтижесінде сот отырысына қатысу үшін алқабиге кандидаттардың он алтыдан астамы қалса, төрағалық етуші қалған алқабиге кандидаттардың санын жариялайды,бұдан кейін олардың тегі көрсетілген билеттердіжәшікке салады,билеттердіараластырады және жәшікте он алты билет қалу үшін одан қанша қажет болса сонша билетті алады. Жоғарыдағы талаптарды орындағаннан кейін төрағалық етуші мемлекеттік айыптаушы, сондай-ақ сотталушы және оның қорғаушысы дәлелсіз қарсылықты жүргізу үшін қалған, алқабиге кандидаттардың тегі көрсетілген он алты билетті береді, нәтижесінде алқабиге он бір кандидат қалуға тиіс.
Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы төрағалық етуші арқылы алқабиге кандидаттардың кейбіреуінің өзін таныстыруын сұрауға құқылы. Егер іске бір сотталушы қатысса, дәлелсіз қарсылық білдіруді алқабиге екі кандидатқа- мемлекеттік айыптаушы, содан кейін алқабиге үш кандидатқа сотталушы және онгың қорғаушысы көрсетілген кезектілікпен жүргізеді.
Егер іске бірнеше сотталушы қатысса, мемлекеттік айыптаушы әрі кеткенде алқабиге екі кандидатқа қарсылық білдіруге құқылы. Бұл ретте, алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру- сотталушылардың өзара келісімі бойынша, ал, осындай келісім болмаған жағдайда, егер мүмкін болса, қарсылық білдірілетін алқабиге кандидаттардың санын олардың арасында тең арқылы жүргізіледі.
Осы тал
Страницы: << < 39 | 40 | 41 | 42 | 43 > >>