лмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісінің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуына құқығы бар. Егер іс бойынша бірнеше адам айыпталып жатса, егер олардың ең болмағанда біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш білдірсе, алқабилердің қатысуымен сотта оны қарау барлық сотталушыларға қатысты жоғарыда көзделген ережелер бойынша жүргізіледі.
Облыстық және оған теңестірілген сотта алқабилердің қатысуымен сот екі судьяның және тоғыз алқабидің құрамында әрекет етеді. Алқабилердің қатысуымен бүкіл сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушыға, жәбірленушіге, сотталушыға және оның қорғаушысына, сондай-ақ процестің басқа да қатысушщыларына осы істі қарауға алқабилермен белгілеген тәртіптен тыс араласуға тыйым салынады. Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыру айыпталушының өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші бойынша жүргізіледі. Тергеуші алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін айыпталушыға істің барлық материалдарын таныстыру кезінде оған соттың оның ісін алқабилердің қатысуыменқарауы туралы өтініш беру құқығын, сондай-ақ соттың алқабилердің қатысуымен шығарған үкіміне шағым жасау және шағымды қарау ерекшеліктерін қоса, осындай өтінішті қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті. Айыпталушы өзіне алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарланған және істің барлық материалдары танысу үшін ұсынылған кезде ғана аталған өтінішті беруге құқылы. Тергеуші айыпталушының өз ісіне соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы не өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауына құқығын пайдаланудан бас тартуы туралы өтінішін айыпталушыға тергеу әрекеттері мен оның құқығын түсіндірудің аяқталғандығын хабарлау жөніндегі хаттамада көрсетуге міндетті. Бұдан әрі айыпталушының өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы
Страницы: << < 33 | 34 | 35 | 36 | 37 > >>