ындығын тексеру үшін іс материалдары алдын ала тыңдауда жария етілуі мүмкін.
Егер сотталушы ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз өтінішін растамаса, осы Кодекстің 301 бабының бірінші бөлігінде көзделген басқа да негіздер болмаған кезде, судья алдын ала тыңдау аяқталды деп жариялайды. Істі бұданг әрі жүргізу осы Кодекстің 40- тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Судьяның істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы қаулысы түпкілікті болып табылады. Қаулы бұдан әрі істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауынан сотталушының бас тарт себептері бойынша қайта қаралмауға тиіс.
Алдын ала тыңдау қорытындылары бойынша судья осы Кодекстің 302-307 баптарында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды. Судья сот отырысын тағайындау туралы қаулыда сот істі алқабилердің қатысуымен қарайтындығын көрсетеді және осы сот отырысына шақырылуға тиіс алқабиге кандидаттардың санын анықтайды, олардың саны жиырма бестен кем болмауға тиіс. Судья алдын ала тыңдау нәтижелері бойынша,іс материалдарынан дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайды деп танылған нақта деректерді алып тастайды.
Істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауын тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейін судья сот отырысының хатшысына, алқабилерге іріктеу үшін, осы сот отырысына саны қаулыда көрсетілген алқабиге кандидаттардың келуін қамтамасыз ету туралы өкім береді. Басты сот талқылуы мтағайындалғаннанг кейін төрағалық етушінің өкімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы бірыңғай және қосалқы тізімдерден алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргізеді.
Бір адам алқаби ретінде сот отырысына жылына бір реттен артық қатыса алмайды. Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алқабигек кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін, олардың тегі, аты, ә
Страницы: << < 35 | 36 | 37 | 38 | 39 > >>