Алқабилер соты

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>

рушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға немесе ақысы төмен жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.
Алқаби сотта өз міндеттерін атқарған кезеңде оған судьялардың тәуелсіздігіне заңдарда белгіленген кепілдіктер қолданылады. Сотта міндеттерін атқару кезінде алқабидің тәуелсіздігі:
1)сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімімен;
2)сот төрелігін жүзеге асыоруға қатысу бойынша алқабидің қызметіне кімнің болса да араласуына жауаптылық қаупі арқылы тыйым салумен қамтамасыз етіледі.
Алқаби, оның отбасы мүшелері және олардың мүлікткрі мемлекеттің қорғауында болады. Қылмыстық істі жүргізетін орган, егер сотта міндеттерін атқарушы алқабиден тиісті өтініш келіп түссе, сондай-ақ аталған адамдардың қауіпсіздігіне немесе олардың мүліктерінің сақталуына қауіп төнудің басқа да айғақтары анықталған жағдайларда, алқабидің, оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қолдануға міндетті.
2. 2. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі мен істі талқылау ерекшеліктері
Сот алқабилердің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша іс жүргізу Алқабилер туралы Заңының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Сот алқабилердің қатысуымен, осы Кодекстің 291- бабының екінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жан күйзелісі ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 291- бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар туралы істерді қарайды. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабында көзделген қылмыстар жасаған деп айыпталып жатса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына осы Кодекстің 291-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстардың ең бо

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: