Алқабилер соты

Страницы: <<  <  34 | 35 | 36 | 37 | 38  >  >>

өтініші қабылданбайды.
Айыпталушы алдын ала тыңдау жүргізілгенге дейінжәне алдын ала тыңдау барысында өз ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы мәлімдеген өтінішінен бас тартыға құқылы. Айыпталушының өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішінен бас тартуы алдын ала тыңдау барысында өтініш расталғаннан кейін қабылданбайды.
Айыпталушының істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші болған кезде судья алдын ала тыңдау жүргізеді.
Судья алдын ала тыңдауды міндетті түрде пркурордың, соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш білдірген сотталушының және оның қорғаушысының қатысуымен жабық сот отырысында жеке дара жүргізеді. Егер іс бойынша сотталушылардың ең болмағанда біреуінің істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші болса, алдын ала тыңдау іс бойынша барлық сотталушылардың және олардың қорғаушыларының қатысуымен жүргізіледі.
Судья сот отырысы басталарда қай істің қарауға жататынын жариялайды,отырысқа қатысушы адамдарға өзін таныстырады, кімнің мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, хатшы екенін хабарлайды, сотталушының жеке басын аныфқтайды, мәлімделген қарсылықтарды шешеді. Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлігін жария етеді. Судья сотталушыға айыптаудың түсінікті болғанын-болмағанын анықтайды, қажет жағдайларда оған айыптаудың мәнін түсіндіреді және ол ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы берген өз өтінішін растайтынын-растамайтынын сұрайды.
Егер сотталушы ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз өтінішін растаса, онда судья осы өтініштің қанағаттандырылғаны туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы және қорғаушысы мәлімдеген басқа өтініштерді қарауға көшеді. Қажет жағдайда дәлелдемелер ретінде пайдалануға болат

Страницы: <<  <  34 | 35 | 36 | 37 | 38  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: