Алқабилер соты

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>

н мән-жайлар туралы мәләметтерді жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесіненің құпиясын бұзуға құқылы емес. Алқабидің өз міндеттерін атқармауы, сондай-ақ жоғарыда көзделген шектеулерді сақтамауы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушінің алқабидің істі қарауға одан әрі қатысуға шектету мүмкіндігіне әкеп соғады.
Істі қаруға қатысу үшін сотқа алқабиге кандидаттардың қажетті санын шақыртуды алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарайтын соттың төрағалық етуші судьясының өкіміне сәйкес сот отырысының хатшысы жүзеге асрады. Азаматтар сотта алқабидің міндеттерін атқаруға күнтізбелік жыл ішінде көп дегенде бір рет, қылмыстық іс қаралатын барлық уақытқа шақырылады. Сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған адамдар басқа сот отырысына алқаби ретінде қатысу үшін тартылуы мүмкін.
Алқабиге облыстық және оған теңестірілген соттың қызметін материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган нақты іс қаралып болғаннан кейін, ал егер істі қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебінен облыстық және оған теңестірілген сот судьясының лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерінде, бірақ алқабидің сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнінің уақытына) барабар, оның негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төлейді. Алқабиге кандидатқа іссапар шығыстары республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өтеледі. Алқабидің сотта міндеттерін атқару уақыты еңбек стажын есептеген кезде есепке алынады. Алқабидің міндеттерін атқару кезінде оның негізгі жұмыс орны сақталады. Алқабидің сотта міндеттерін атқаруы кезінде оны жұмыс бе

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: