рге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?
Сөздік жұмыс: шырша, шам.
-Жаңа Жылда не істейміз?
-Шыршаның түсі қандай болады?
-Жаңа Жылда сыйлық алғыларың келе ме?
-Олай болса, шыршамызды безендірейік. Шыршаны немен безендірсек болады? Әрине, түрлі түсті дөңгелектермен. Фонға шырша берілген, сол шыршаны түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз. Шыршаны безендіруді төменгі жағынан бастаймыз.
Төменгі жағына 3 түсті: қызыл, сары, көкдөңгелекті жапсырамыз. Оның жоғарғы жағына: қызыл, сары; оның жоғарғы жағына: қызыл, көк түсті шарларды жапсырамыз. Жоғары жағына:
Сары, көк дөңгелекті жапсырамыз. Шыршамыз әдемі болған сияқты,бірақ бір нәрсе жетіспейді.
- Балалар, шыршамызды безендірдік алайда не жетіспей тұр?
-Дұрыс айтасындар,жұлдызша.
-Жұлдызымыздың түсі қандай?
- Ол неше бұрышты?
- Жұлдызшыны шыршаның ең жоғарғы жағына жапсырамыз. Міне, Жаңажылдық шыршамыз дайын болды.
Билингвальді компонент: Жаңа Жыл- Новый год, шырша-ёлка.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып аламыз.
Балалармен жеке жұмыс өткізеді
-Қыс мезгілі.
-Жаңа Жыл мерекесін білеміз.
Қайталайды: шырша, шам.
- Шыршаны безендіреміз. Бір-бірімізге сыйлық сыйлаймыз.
- Шыршаның түсі жасыл бо
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>