Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: "Алаңқайдағы саңырауқұлақтар"
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; саңырауқұлақ туралы білімдерін нақтылау; түстерді ажырата білуді үйрету; тапсырманы шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шыққанда саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу.
Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Қарақат, себет.
Билингвальді компонент: саңырауқұлақтар-грибы, күз-осень.
іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғалыс
Ғажайып сәт.
Топқа қолында себеті бар қуыршақ
Қарақат кіріп келеді
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға.
Жасайық бір жақсылық,
Ынтымаққа қосыл да.
Ар-мақсатың нақ болсын,
Ақылыңнан тосылма.
Балалар Қарақат қуыршақты құшақтап, амандасады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар, мені таныдыңдар ма?
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Ия, дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі
Менің себетімде саңырауқұлақтар бар.
Бірақ бұл саңырауқұлартар маған аздықетіп тұр, енді орманға себетімді саңырауқұлақтармен толтыру үшін кетіп бара жатырмын
-Балалар, сендер менімен бірге орманға саяхатқа барасыңдар ма?
Балалар Қарақат қуыршақпен бірге алдын ала безендірілген топта әуен ырғағымен жүреді.
-Балалар, біз орманға келдік.
Саңырауқұлақтарды іздемес бұрын суретке қарап, онымен танысып алайық.
-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады екен?
Сөздік жұмыс: алаңқай.
-Бала
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>