4 төртбұрышты тізбектеп қоямыз. Оның үстіне 3 төртбұрышты қоямыз. Оның үстіне 2 төртбұрышты және оның үстіне 1 төртбұрышты қоямыз.
- Міне, баспалдағымыз дайын. Қоян қуанатын болды.
Билингвальді компонент: қоян-заяц, баспалдақ-лесница.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып аламыз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Балалардың жапсырған жұмыстарын қарастырады.
Балалар таңғалады. Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
-Ия, көмектесеміз.
Қайталайды: баспалдақ.
- Төртбұрыштан жасаймыз.
- Сары, жасыл, көк, қызыл.
Балалар тәрбиешінің
айтқанын мұқият тыңдайды.
Қайталайды: қоян-заяц, баспалдақ-лесница.
Балалар сергіту сәтін қайталайды қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар тәрбиешінің нұсқауымен жапсыруды жүзеге асырады.
Рефлексифті
түзетушілік
Қортынды:
Балалардың жасаған жұмыстарынан алған әсерлері жайлы сұрайды.
- Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?
- Не жасадық?
- Сендерге баспалдақ жасаған ұнады ма?
Бүгінгі белсенділіктерін үшін көп рақмет.
Балалар өз ойларымен бөліседі.
- Айдар атты қоянға.
- Баспалдақ жасап бердік.
-Өте ұнады.
Балалар қуанды.
Күтілетін нәтижелер:
Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;
Түсінеді: қоянға тән ерекшелікті, жұмыстың орындалу ретін;
Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>