"Абайтану" пәнін мектепте оқытудың өзекті мәселелері

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

аңашыл әдістемесі мен технологиясын өз тәжірибесінде қалай ықпалдастыру керек екендігін білуі керек. Тізбектелген сабақтар топтамасы жеті модульді ықпалдастыра отырып белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылымды көздейді. Мұғалім оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралар оқу мақсаты болып табылады. Осыған байланысты оқыту мен оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуді бағыттайды:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді. Оқу нәтижелері оқушыға бағытталуы керек. Міне, осы ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, 5- сыныпта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиясын тиімді қолдануда орта мерзімді жоспар үлгілерін ұсынуды жөн көрдім. (Қосымша-1, Қосымша-2) Сабақтың қандай түрде өтуі мұғалімге байланысты, топтық, ойын, пікірталас т. б. сабақтар оқушылар үшін тиімді. Оқушылар мұндай сабаққа құлшына кіріседі. Бір сәт оқушыларға еркіндік беріп, өздерін шарықтатып, қиялдатып, пікірлерін ортаға салғызып отырсақ, үлгерімі төмен оқушылардың өзі талпынып, қалай ашылғанын сезбей де қаласыз!
Менің ойымша, оқулықтағы берілген тапсырманы оқушыларға оқытып немесе жаттатып қана қою емес, оқушыларды бірлескен оқуға тарту. Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Осылайша бірлескен оқу жағдайында оқушылар құрбы- құрдастарымен қарым- қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға, талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: