"Абайтану" пәнін мектепте оқытудың өзекті мәселелері

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігіне дәлелдер жеткілікті. Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Александер диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме құралын қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін бірлесіп жұмсайды және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктетер болып табылады. Ғылым әңгіменің үш түрін сипаттап, ажыратып берген:
Әңгіме дебат
Кумулятивтік әңгіме
Зерттеушілік әңгіме
Осының ішінде, Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аяындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдылыққа ие. Тақырыпты талқылау кезінде оқушылар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Сөз құдіретін Абайша танып, терең тұңғиығына үңіле отырып, шығарманы талдап, эстетикалық талғамы нәзік, өзіндік мұраты мен мақсаты бар «әдебиет» деген қасиетті дүниеге өлшеусіз ғашық оқушы, оқырман, азамат тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Ал осы оқытудың жаңаша әдіс –тәсілдерінің бірін, Абайша айтқанда «кімде –кім керектісін тауып алып, қажетіне жаратып» қолданып, алып жатса нұр үстіне, нұр болар еді.
Қа

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: