іммен қатар, тиісті тәжірибелік дағдыларды да қалыптастыру аса маңыздылығы екендігі мойындалды. Әр мектепте негізгі пәнмен қатар қосымша Абайтану сабағы өткізіледі. Жыл сайын аудан, облыс, республика көлемінде «Абай оқулары» өз жалғасын табуда.
Абай поэзиясы- сұлулық поэзиясы, махаббат, сүю, сүйіспеншілікке толы поэзия. Қай туындысын алып қарасаң да, алтын арқауы болып Адам тұрады. Әрбір шығармасынан «қалың елі қазағына» деген атой салып тұрған жүрегін көреміз. Оның найзағайдай жарқылдаған, кейде жібектей есілген сезімін оқушы да, ұстаз да қабылдай, түйсіне білгенде ғана нәтижелі болмақ. Қ. О. Бітібаева апамыз: «Әдебиет сабағы- ой сабағы, ойлау сабағы, ойланту сабағы» -дегендей, оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге басты назар аудару болып табылады. Ойланып көрейікші, біз неге оқулықта берілген автордың шығармасын қайталатамыз? Алдымызда өз ойы, пікірі бар жеке тұлға отырғанын ұмытпауымыз керек! Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
-мұғалімдерге көптеген оқыту стратегияларын, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктерін, нақты әдістер мен технологияларды қалай және қай жағдайда қолдану туралы білім қажеттілігін;
-мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, сонымен жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ және кері байланысты естен шығармауға тиіс;
-мұғалім жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл –күйі, толғаныстары туралы және мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс.
-мұғалімдер ақпараттық- коммуникациялық технол
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>