әнге еліктеу елден ерекше болып көрінсем, көзге түссем дегеннен шығады. Ал көріндің, көзге түстің, содын саған не пайда келді: ақылың асты ма, адамгершілігің артты ма? Артқан жоқ, сол қалпында қалды. Ендеше ерекше боламын деп, ерсілікке ұрынбаған жөн. Сәнмен емес, санамен озған мерей.
10-студент:
Қыздар!
Желкілдеген жеңілтек болмаңдар! Желпілдек қызды жебір жігіттер жентектеп ауыздарына бір-ақ қылғуға құмар келетінін ұғыңдар, ұмытпаңдар. . . сабырлы болыңдар, салиқалы болыңдар, салауатты болыңдар, қарақтарым!
Тамақты тарта ішіп, таразы боп өсіңдер. Алдарыңа келген асты шетінен сылқылдатып соға берсеңдер – семіріп кетесіңдер. Ал семіз қыз – сезімсіз қыз. Ерте семірген әрбір жас адам жалқау, самарқау, саңлаусыздау болады. Адам жанына түсетін тот – осы үш кеселден өзгеше сақтану қажет. Бұл үшін бойларыңды тал шыбықтай солқылдатып, жаңа есілген қыл шылбырдай ширатып ұстаңдар. Дене шынықтыру, дене ширату ісін, кәрі әжелеріңнің бес уақыт намазындай етіп, дәстүрге сіңіріңдер!
11-студент:
Қыздар!
Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Шынайы махаббат мақтауды қажет қылмайды. Орынсыз мақтаудан сақтаныңдар, абыройды аттаудан сақтаныңдар!
Пәк болыңдар!
Пәк болу үшін сақ болыңдар, бауырларым!
Ағарту, оқу орындарында, өнер мен мәдениет маңында жүрген кейбір әйбат ағаларың туған халқын құрметтеуден гөрі, оның қыздарына көз сүзуді жақсы көреді. Олар қырды жақсы көрмейді, қырда өскен гүлдің тәтті шырынын сорғанды жақсы көреді. . . Ондайлардың қармағы мен тұзағына түспеңдер, шырақтарым.
12-студент:
Ол үшін тайпалған таксиден сақтаныңдар! Таксиге тиеліп алып: «Қарындас! Қарындас!» деп қаумалап, тауға қарай тартқан сезікті саяхаттан сақтаныңдар! Шарап жүрген жерде – шатақ, арақ жүрген жерде арсыздық пен абыройсыздық жүреді. Опын
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>