/>1-жүргізуші:
Қыздар – адамзат болашағы. Қыздар – халықтың қасиетті қанын жүрегінде сақтап, жанын жалғастырушы.
2-жүргізуші:
Қыздар – халықтың бойындағы ұлттық асыл қасиеттерді әрмен қарай ұластырушы. Қыздар – еліміздің ертеңінің асыл анасы, ақылгөй данасы!
1-жүргізуші:
Қыздар – ұлтымыздың бүгінгі ұрығы, болашақ ұйтқысы. Қыздар – ана тіліміздің алтын арнасы.
«Қарындас» өлеңі оқылады.
1-жүргізуші:
Ұл ұятты, қыз қылықты болса, иманды, тәрбиелі болса – мемлекеттің байлығы. Бүгінгі тәрбие сағатынан соң, кейбіреулер бойындағы кемшіліктен арылып, кейбіреулер аға өнегесін көңілге түйеді деп сенеміз.
2-жүргізуші:
Осылайша Әзілхан Нұршайықовтың «жастарға арналған екі сөзін» насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқтала келді. Назарларыңызға рақмет! Мерейлі күндерге жеткізетін берекелі тірлігіміз баянды болғай!
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Тәрбие сағаты
«Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес»
Оқытушы: Жақыпова Қ. Ү.
Страницы: << < 6 | 7 | 8