Әзілхан Нұршайықовтың ұлт тәрбиесіне байланысты айтқан нақыл сөздері

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

дыратын оңашаға бармаңдар, жігіттердің жалынғанына жібімеңдер! Сөйтіп, ондай сумақайларға қазақтың қызын сыйламаған, қызыл гүлін қадірлемеген адам азамат емес! – деп қастарыңнан аулақ қуыңдар, қалқаларым!
Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
13-студент:
Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
1-жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Жазушы қыздарға өсиет арнап қана қоймай, қазіргі қоғамда орын алған бірқатар жайттарға да тоқталып отырады. Олай болса, сол пікірлерге өздеріңіздің де көзқарастарыңызды анықтап байқайық.
2-жүргізуші:
«Қазіргі көп келіншектер, тіпті кейбір сары қарын әйелдер көк инені көлденең ұстай білмейді. Ұстай білсе де, оған жіп сабақтап нұсқай білмейді. Ал үй болған соң желкелік үзілмей, жең жыртылмай, түйме түспей тұрмайды. Жанұядағы кейбір кикілжің осыдан басталады, - деп келіп, өзінің бір жолдасының үйінде болатын жағдайды баяндайды. – Жолдасымның әйелі көйлегінің қолтығы сөгіліп кетсе болды, оны лақтырып тастайдыда, дүкеннен жаңасын алып киеді. Өйткені үзілгенді қадап, сөгілгенді тігіп алу дегенді білмейді. Мұның есесіне оның күйеуі ісмер. Күйеуі инені ала салып, әйелінің де жыртығын жасам, балаларының да көйлек-көншегін бүтіндеп жатады», - дейді.
Осындай жайттердің қазіргі қоғамда да елең алып отырғанын білеміз. Бұл туралы сіздердің ойларыңызды білсек.
(студенттер өз ойларымен бөліседі)
1-жүргізуші:
Жазушы: «Қазіргі кейбір жас жарлар, қасында кіржуғыш машина тұрғанда сүйіп тидім деген күйеуінің кір-қоңын, тіпті қол орамалын жуып беруді ар көретін болыпты. Олар күйеуге тиіп алғаннан кейін: «Енді барлық жұмысты сен істейсің! Мені тек қана

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: