Әзілхан Нұршайықовтың ұлт тәрбиесіне байланысты айтқан нақыл сөздері

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

мойныңа мінгізіп, көтеріп жүресің немесе алақаныңа салып әлпештеп қана отырасың!» деп шарт қойып, бұған көнбеген күйеумен шарт-шұрт ұрысып, жер-жебіріне жетіп тілдеп, тебісіп, татулығы ит пен мысықтай күйге жетіп, ақыры ажырасып тынуды әдетке айналдыра бастапты.
Мұның себебі не?» - деп қынжылады.
Сіздердің ойларыңызша қыздардың осындай әрекетке баруларының себебі неде?
(студенттер өз ойларымен бөліседі)
2-жүргізуші:
Енді бірде ол: «Халқымыздың ежелгі ескі дәстүрінде «Ана мектебі», «Ене мектебі» болатын. Оң жақтағы кезінде қызын шешесі іске үйретсе, жас келінін енесі шаруаға баулитын. Осы екі мектептен өткен жас әйел біртіндеп өмір университетіне өтетін. Ал қазір ананың тілін алмайтын қыздар мен енені кісі құрлы көрмейтін келіндер шығып жүр. Дайынды ішіп, даярды киіп үйренген, жалқаулыққа, жатып ішерлікке, самарқаулыққа бой алдырған мұндай қыздардан радио музыкасын барынша бақылдатып қойып шай ішетін, кітап оқып отырып суық котлетті соғатын сырты «мәдениетті», іші мәнсіз келіншектер шығады. Ал сырты ылқым, өңі жылтырдың бәрі бірдей жақсы бола бермейді», - дейді.
Бұл пікірге сіздердің ойларыңызды байқасақ.
(студенттер өз ойларымен бөліседі)
2-жүргізуші:
Ұлағатты ұстаз өз сөзінде: «Қыздардың отау құрып, оңаша шыққанда үйлерінің басты мүліктерінің бірі іс машинасы мен төрде текшелей тізілген кітаптар болсын, - деген. – Осы екі мүлік бар үй ешқашан жұтамайды», - деп пікір айтқан.
Сіздердің ойларыңызша, мұның себебі неде?
(студенттер өз ойларымен бөліседі)
1-жүргізуші:
Бүгінгі тәрбие сағатының қорытындысы ретінде шара барысында үлестірілген теңеулерді ұл балаға немесе қыз балаға сай келетіндігіне байланысты ұяшықтарға орналастырыңыз.
(тақтада ілінген суретке сәйкестігіне байланысты ұяшықтарға орналастырады)

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: