ің бәрі ақыл айтуға құмар ғой. Үйде ата-аналары, мектепте мұғалімдері, институтта ұстаздары айтады. Осының бәрі балам, шәкіртім, ұрпағым жақсы болсын деген ниеттен туады. Олар өзінің өмір тәжірибесінен қорытқан асыл ой, қымбат қазынасын сіздерге үйретуге, сіздерге дарытуға тырысады. Сіздер өмір кешіп, әр өткелдерден сабақ алып, сана жинап, өз беттеріңізбен кемелденгенше ата ақылы азық, ана тәрбиесі қанат болсын дейді.
Мен сіздерге әке де, ұстаз да емеспін. Сіздермен сирек кездесуші, сырттай сырласушы, алыстан ақыл айтушы көп жазушының бірі ғанамын. «Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп, Жүрмесін деп аз ғана сөз шығардық» деп Абай атамыз айтқандай, мен де үлкендігімді және сіздердің сұрау-тілектеріңізді пайдаланып, өздеріңізге арнап әкелген бір-екі ауыз мәслихат сөздерімді оқып берейін» деген екен.
Ендеше «Ұлттың ұлағатты ұстазы» атанған жазушының өнегелі сөздеріне кезек берелік.
6-студент:
Қыздар! Егер сүйген жігіттеріңе адал жар боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
7-студент:
Егер ата-енеңе қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
8-студент:
Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
6-студент:
Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
7-студент:
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
8-студент:
Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам.
L
Ü
v
ᄁᲄᐂ怀ᲄ愂Ĥ摧䀺6ᄀL
Ü
v
6-студент:
Дүниедегі ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасына сыйлы.
9-студент:
Апиын ішкендей елітіп, сәнге еліктей бермеңдер. Сәннің соңына сан әйел түсіп баққан. . . бірақ олардың бірде бірі сәннің түбіне жетпеген. Өйткені сән деген айлакер түлкі іспеттес. С
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>