гіттер, қастарыңда отырған қыздарды құрметтеңдер, мәпелеңдер. Алақандарыңа салып, әлпештеңдер. Қыздың жанын қинамаңдар! Қыз – болашақтың анасы,қыз – алдағы ұрпақтың әжесі. Анаңды ардақтап, әжеңді құрметтесең – қызды сыйла, қарағым.
Ән: Қазақ жігіттері
1-жүргізуші:
Қыз бала той-томалақ, көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, жирақ жүріс-тұрысымен, сергек-сезімталдық ептілігімен, сөзге ұсталығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырады. Қаламгер бұл туралы да ой қозғайды:
4-студент:
Қыздар! Жандарыңда жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттердің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттеріңмен бұйдалап алып, оларға айтқандарыңды істетіңдер: арақ ішкізбеңдер, айғайға жуытпаңдар. . . өйткені қыз жетектесе ілеспейтін, қыз қиылса көнбейтін жігіт жоқ бұл дүниеде. Өйткені ақыл анадан тарайды, адамгершілік әйелден басталады, қыздан – қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Өздеріңе табиғат сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда қаумалап жүрген жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар.
5-студент:
Жігіт жаныңда – жолдасың, жауға жұмсасаң жолбарысың. Жігіт – ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Қорғаның, қормалың сенің! Жігіттерден жылы күлкі, жұмсақ әзілдеріңді аямаңдар. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкенісіп тұруға үйретпеңдер! Адамның асыл махаббат сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар. Оларды нәпсісін тыйып, намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. . . Өмірдің қызық, ләззаты – адал достықта, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін әрқашанда естеріңе сақтаңдар.
Міне, менің сендерден сұрайтыным осы ғана.
2-жүргізуші:
Жазушы студенттермен кездесулерінің бірінде: «Жастарға үлкендерд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>