ездесу кешінде бұл туралы ой бөлісіп, ұлдарына өсиет айтқан, ал 1973 жылдың 6 сәуірінде Қазақ мемлекеттік қыздар институты студенттерімен кездесуде қыздарға кеңес берген.
2-жүргізуші:
Халқына «Ақиқат пен аңыз», «Махаббат, қызық мол жылдар» сынды туындылар сыйлаған қазақтың далиған дарқан даласының дарабозы, жастардың моральдық биік қасиеттерін сипаттауға бар күш-жігерін жұмсаған ұлт жанашыры Әзілхан Нұршайықов өмірден өтті.
(экранда бейнесюжет көрсетіледі)
1-жүргізуші:
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда ұлттық тәлім-тәрбие беруде маңызды орны бар жасампаз тұлға Әзағаңның бүгінгі жастарға қалдырған өсиеттері арқылы сіздердің көңілдеріңізге ой салуды жөн санадық.
2-жүргізуші:
Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата-ананың түтінін түтетуші. Осы орайда Әзілхан ағамыздың ұлдарға айтқан өсиеттеріне кезек берелік:
1-студент:
Ұлдар! Алдымен сөзімді сендерге арнаймын. Менің сендерден тілегім мынадай:
Арақ ішпеңдер, айналайындар! Арақ – азаматтың жауы: халықтың, қоғамның дұшпаны.
Арақ алдымен талантты адамдарды айналдырады, талантты құртады. Содан соң өзгелерге ауыз салады. Талантсыздарды да жалмап жұта береді.
Ендеше, арақ ішпеңдер, бауырларым.
2-студент:
Аздап ішіңдер! Әр ұрттаған сайын: «Мен маспын-ау, мас боламын-ау, ұятқа ұрынамын-ау», - деп ойлап отырыңдар. Өйткені «мен мас емеспін» дегенге жетсең, онда мас болғаның. Әр мас болғандарыңды бір өлімге есептеңдер – мас болмай ішіңдер.
Мас болмай ішу деген «Әзірге тыңмын ғой» деп буыныңда әл барда арақты аузыңа құлата беру емес, бауырым. Арақ алдап отырып соғады. «Мен мықтымын!» - деп араққа оқыраңдай берме, сен. Асып бара жатқан күшің болса, оны араққа емес, айналаңдағы адамдарға, ағайын-дос, адал жарыңа қамқорлыққа жұмса, қалқам.
3-студент:
Жі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>