Өзгеріс не үшін керек

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>

алмай отыр. Үшіншіден, оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау болсын, ҰБТ болсын көрсеткіштер төмен деңгейде қалып қоюда. Төртіншіден, оқушылардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру, жүзеге асыру, сайыстарға ұсыну дұрыс жолға қойылмаған. Оқушылар шығармашылығы дамытылмаған. Функционалдық сауаттылық деңгейі төмен көрсеткіштермен сипатталады. Аталған проблемалар тек бірінші кезектілер. Мүмкін, осы көкейкесті мәселелердің түп-төркіні бағалау жүйесіндегі кемшіліктерге байланысты болар. Мектепте жалпы, өзгеріс қажеттілігі туындады. Оны тек рационалды жолмен жүзеге асыру қажет.
Мен өз мектебіме педагогикалық қуатты құралды біртіндеп енгізіп, оқушылардың оқу сапасын арттыру арқылы мектептің білім сапасына үлес қоссам деймін. Бағалау оқушылар мен ата-аналардың наразылығын туындатып жатады, сондықтан мұғалімдерге бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерін меңгерткім келеді. Мұғалімдер мен оқушылардың көшбасшылығы, сын тұрғысынан ойлауы, жас ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту - мектебімнің алға қарай жылжуына септігін тигізеді деп білемін.
Әлемдік деңгейде бағалау жүйесін өзгерте отырып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге жеткен мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, өзіміздің ұлттық құндылықтарды еске ала отырып, озық мақсат пен нәтижеге бағытталған, нысананы дөп көздейтін бағалау жүйесін қалыптастыру - қазіргі заман талабы.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Практика реформ: Польша по материалам исследователя НОУ ВПО института "Московская высшая школа социальных и экономических наук" Дианы Королевой www. edutainme. ru/koroleva/praktika-reform-polsha
2. Савина Алиция . Казимировна д. п. н
Институт теории и истории педагогики РАО.
зав. Лабораторией изучения образования и педагогики в зарубежных странах
alicjal

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: