Зат есім

Страницы: <<  <  79 | 80 | 81 | 82 | 83  >  >>

діру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.
Бекіту сабағы.
1-жаттығу.
Мақалды көшіріп жаз. Сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауды белгіле.
Мал шөпке тоқтайды,
Ақылды сөзге тоқтайды.
Түйе - байлық, қой - мырзалық, жылқы - сәндік.
2-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, белгіле.
Менің ағаларым.
Баптаған егінін,
Халқына ұнаған,
Мақтаны елінің
Егінші бір ағам.
Барады алдына
Балалар, кәрілер.
Адамның бағына
Бір ағам дәрігер.
Бір ағам жылқышы,
Үйреткен тай-құлын.
Өткізді бұл кісі
Қырда сан ай-күнін.
Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады: талапты, дәрігермін, татулыққа.
3-жаттығу.
Берілген сөздердің құрамын сызбамен жаз.
Үлгі: сыйлықтар - сый-лық-тар, . . .
Сыйлықтар, әншілер, зейінділер, еңбекқорға, білімді.
4-жаттығу.
Мақалдарды көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай белгіле.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
Еріншектің ісі - екі.
5-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. - тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Тік жартастан аунайды,
Асау өзен сарқырап.
Ақ моншақтан аумайды,
Ақтарылған жарқырап.
Жаңа сабақты қорыту.
Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.
Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.


Страницы: <<  <  79 | 80 | 81 | 82 | 83  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: