рау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.
Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.
Сабақтың мақсаты: бұрынғы алған білімдерін кеңейту; бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып, сөздердің әртүрлі сөз таптарына бөлінетімен таныстыру; сөйлем ішінен сөз таптарын анықтай білуге үйрету.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөз таптары жаңа тақырып ретінде емес, бұрын берілген білімді кеңейтіп, бекіте түсу мақсатында ұсынылады. Оқушылардың заттың аты, сыны, саны, қимылы туралы алған түсініктеріне сүйене отырып, олардың зат есім, сын есім, сан есім, етістік деген сөз таптарына бөлінетінімен танысады.
Берілген жаттығуларды орындау барысында оқушылар сөздердің білдіретін мағыналарына, сұрақтарына, сұрақ арқылы өзгеру жүйесіне қарай әртүрлі топқа бөлінетінін саналы түрде ұғынады, әрі өтілген сөз таптарын еске түсіреді.
1-жаттығудазаттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздердің сұрақтарын еске түсіреді.
2-жаттығудасөздердің мағынасына қарай топтарға белінгенін айта отырып, мағынасы бойынша сол топқа жатпайтын артық сөзді табады. Әр топтағы сөздердің қандай сұрақка жауап беретінін анықтайды. Артық сөзді неге алып тастағандарын дәлелдейді.
Осы жаттығулардан кейін мұғалім ол топтардың зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп аталатынын және олардың бір сөзбен сөз таптары деп аталатынын айтады.
Қалған жаттығуларды орындау арқылы оқушылар заттың атын, сынын, саны
Страницы: << < 81 | 82 | 83 | 84 | 85 > >>