н қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.
Бекіту сабағы.
1-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз. Жалғаулы сөздерді белгіле. Жұмбақты шеш, жаттап ал.
Жарықта жағалайды,
Қараңғыға жоламайды.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Екі аққу көл. . . жүзіп жүр. Мәлік кітапхана. . . келді. Өзен. . . жағасында қалың қамыс өсіп тұр. Мектеп басшысы сыйлық. . . Дәуренге табыс етті. Орман. . . құстардың даусы естіледі.
3-жаттығудасөйлемнің сөздері жалғаусыз берілген. Оқушылар жалғаусыз сөйлемдердің бір-бірімен байланысы болмайтынын айтады. Сөздерге тиісті жалғауларды дұрыс жалғап, сөйлем құрастыруды үйренеді.
Берілген сөздерге - ның, - нің, - дың, - дің жалғауларының бірін жалғап, сөйлем құрап жаз.
Астана, Ақтөбе, Алатау, Есіл.
4-жаттығу. Берілген сөздерге жалғаулар жағап, сөйлемдер құрастырып жаз.
1. Жамбыл, қазақ, ақын.
2. Әже, ауыл, Айжан, тұрады.
3. Қала, Арман, кетті.
4. Үсен, ағаш, ара, кесті.
5-жаттығудыорындауда сөйлем ішінен жалғауы бар сөздерді табады.
Өлеңді мәнерлеп оқы. - тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Тік жартастан аунайды,
Асау өзен сарқырап.
Ақ моншақтан аумайды,
Ақтарылған жарқырап.
Жаңа сабақты қорыту.
Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.
Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау.
Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсін
Страницы: << < 78 | 79 | 80 | 81 | 82 > >>