толтыруға мүмкін жағдайларды қарастыру.
Бекіту сабағы.
1-жаттығу. жұмбақты оқып, шешуін тап. Туынды сөзді тауып, түбірі мен қосымшасын белгіле.
Ақ шатырлы бір қала
Суда жүзіп жүр дара.
2-жаттығу жаңа сабақты бекітуге арналған. Өлең жолдарынан туынды сөздерді тауып, белгілейді. Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен туынды сөздің мағынасын салыстырады.
Көп нүктенің орнына - лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Алматыда бокстан болған жарысқа елімздің барлық қалаларынан оқушылар келді. Айбек жарысқа келгендерді таныстырып үлгерді: мен - астаналық, Ерлан - алматылық, Үсен - ақтаулық, Айбар - атыраулық, Сержан - шымкенттік, Ернұр - тараздық, Арман - өскемендік, - деп айта бастады.
3-жаттығудыорындау кезінде түбір сөзден туынды сөз жасауға үйренеді. Туынды сөзді жасау үшін қандай жұрнақ жалғағандары сұралады. Ол сөздерді дәптерлеріне жазады.
Өлеңді жатқа айт. Туынды сөздерді тап.
Құлыншақ.
Құлын, құлын, құлыншақ.
Желкілдейді тұлымшақ.
Құйрығында құндызы,
Маңдайында жұлдызы.
4, 5-жаттығулар да жаңа сабақты жан-жақты меңгертуге арналған.
Жаңа сабақты қорыту.
Түбір сөздер беріледі. Ол сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасау тапсырылады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Жалғау.
Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1-жаттығуда қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды. Ол
Страницы: << < 75 | 76 | 77 | 78 | 79 > >>