ды қарастыру.
Бекіту сабағы.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: а) алдымен негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады;
ә) Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі;
б) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.
1-жаттығуда берілген жаңылтпаштарды мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табады.
Тау таулы, сыпыр сыпырғыш, ойын ойыншық, ем емхана, біл білгір.
2-жаттығу жаңа сабақты бекітуге арналған. Өлең жолдарынан туынды сөздерді тауып, белгілейді. Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен туынды сөздің мағынасын салыстырады.
Жаздай тынығады,
Қыстай зымырайды.
Үстінде есігі,
Өзі орындық, өзі үстел,
Оқушылар бесігі.
3-жаттығудыорындау кезінде түбір сөзден туынды сөз жасауға үйренеді. Туынды сөзді жасау үшін қандай жұрнақ жалғағандары сұралады. Ол сөздерді дәптерлеріне жазады.
4, 5-жаттығулар да жаңа сабақты жан-жақты меңгертуге арналған.
Жаңа сабақты қорыту.
Түбір сөздер беріледі. Ол сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасау тапсырылады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ.
Сабақтың мақсаты: жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін ұғындыру; сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрену; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықты анықтау. Сабақ бойы осы олқылықтың орнын
Страницы: << < 74 | 75 | 76 | 77 | 78 > >>