Зат есім

Страницы: <<  <  33 | 34 | 35 | 36 | 37  >  >>

з дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. К, г дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
Г әрпі сөз соңында жазылмайды. Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, к дыбысы г-ге айналады. Мысалы: түлік-түлігі, ирек-ирегі.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөздерді оқып, мағынасын түсіндір. К дыбысы қай буындарда кездесіп тұр? Г дыбысы ше? К, г қандай дыбыстар?
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.
Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.
2-жаттығу.
Санамақты жатқа оқы. К дыбысына аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жаз. Саусақтардың атын біліп ал. Оларды тағы қалай атайды?
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
3-жаттығу.
Суреттегі заттардың атын жаз. Сөздерге і дыбысын қосып айт. Сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналады?
4-жаттығу.
Сөздердің аяғына у әрпін қосып жаз. Сөздерді үлгіде көрсетілгендей түрлендіріп оқы.
Төк, ек, тік, бүк, сөк.
Диктант.
Жаңбыр жауады себелеп,
Жонға шығар ебелек.
Гүлге қонар көбелек.
Атқа қонар ебелек.
5) Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады

Тақырыбы: Дауыссыз л, р дыбыстары.
Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Л, р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
1) Кіріспе әңгіме.

Казақ тілінде дауыссыздар үннің қатысына қарай үшке бөлінеді. Оқушылардың осы жайлы алған білімдерін пысықтау үшін тақтаға төмендегідей кесте ілініп, оқушылар он

Страницы: <<  <  33 | 34 | 35 | 36 | 37  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: