Зат есім

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>

ша әңгіме құрастыр.
Керекті сөздер: құрық, асау, тай, бұйрық, берді, таяқ, ұстаған қария, жылқышы, сақ қимылдаймы, құрақты жапыру.
5) Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады
Тақырыбы: Дауыссыз Қ мен Ғ
Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Қ, ғ дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Қайталау сабағы.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз. Сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
Топырақ, шырақ, жолағы, жорық, қуыршағы, аяғ, балағы, лағы.
2-жаттығу.
Жаңылтпашты жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздегі ы әрпін тастап оқы. Қандай өзгерістер байқадың?
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
3-жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Қ дыбысына аяқталған қандай сөздерді пайдаландың? Сол сөздерге - ы әрпін қосып жаз.
4-жаттығу.
Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Осы сөздерге дауысты дыбыс жалғап оқы.
1. Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.
2. Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.
3. Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
4. Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт-жылт.
Диктант.
Түлкінің пайдасы.
Түйе - байлық,
Қой - мырзалық,
Ешкі - жеңілдік,
Жылқы - сәндік,
Сиыр - ақтық.
Қ әрпі бар сөздердің астын сыздыру.
5) Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады
Тақырыбы: Дауыссыз К мен Г
Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссы

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: